Атырауда сарбаз менингиттан көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Сарбаздың әскери бөлімге келгеніне 10 күн ғана болыпты. Дәрігерлер науқас менингиттің ауыр түрінен қайтыс болғанын айтады
НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Атырауда ҰҚК шекара қызметіне қарасты №2016 әскери бөлімінде сарбаз менингиттан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Әскери қызметкер менингит дертіне шалдықты деген күдікпен 26 қазанда облыстық ауруханаға жеткізілді. Оны бұл жерге әскери бөлімнің фельдшері әкелген.
«Клиникалық-зертханалық тексеріс жүргізілді. Мамандар ақылдаса келе, науқасқа менингококтық инфекция деген алдын ала диагноз қойды. Бұл аурудың ауыр формасы. Науқас жансақтау бөліміне жеткізілді. Қарқынды түрде терапия жүргізілгеніне қарамастан, бес сағаттан соң көз жұмды», — делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін
Алдын ала мәліметке сәйкес, сарбаз әскери бөлімдегі медициналық бөлімшеге 26 қазан күні барған. Ол борышын өтеуге 16 қазан күні Қызылорда облысынан келіпті.
sputniknews.kz