Атырауда «Өзбек сценариі» қайталанғалы тұр…

0

1940 жылдардың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Бағыс ауылының жиырма мың гектар жері мен ол кезде Қазақстанға қарайтын Бостандық ауданының бір бөлігі артиллериялық полигон салу үшін КСРО Қорғаныс министрлігінің Жарлығымен уақытша Түркістан әскери округінің қарауына берілді.

Осы тұста Бағыс ауылы округтің «Туркистанец» қосалқы шаруашылығының құрамына еніп, әскерилер үшін мал және егін шаруашылығымен айналысты. Ол кезде округ Түркістан Орталық Азия әскери округіне (САВО) қарайтын.

80 жылдардың аяғына дейін округ штабы Алматыда болып, кейін Ташкентке көшірілді. Сол әскери полигон округіне қарайтын қазақтың Бағыс өңірі мен Бостандық аудандары кейіннен шекара мәселесі туындап, уақытша берілген территорияны қайтарып алуға келгенде өзбектер: «Бұл жерлер Түркістан округінің штабы жерлері, бүгінде Өзбекстанға қарайды» деген желеумен Қазақстанға қайтармады. Оның негізі ретінде КСРО-ның ыдыраған кезінде, яғни 1991 жылға дейін белгіленген шекара сызықтары бойынша қалыптасқан аумақтық-әкімшілік бөлініс алынды. Сөйтіп, өзбектер Сарыағаш ауданына қарасты 54 шақырымды, оның ішінде шекарада орналасқан Бағыс және Түркістан елді мекендеріне қатысты 2500 гектардай жерді және Арнасай ойпаты аймағын, сондай-ақ әлі статусы толық айқындалып болмаған Түркістан және Бағыс ауылдарына қоршай шекаралық бағаналарын қондырып, үлкен қоқан лоққымен өздеріне қаратып алды. Назарбаев өзбекер алдында дәрменсіздік көрсетіп, жерді саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде өзбектерге берді де жіберді.

Енді міне Атырау облысынан Ресейдің әскери полигоны жерлері тағы шықты.

Тарихтан белгілі Ресейдің елдің әскери қорғаныс саласын дамыту мақсатында республика территориясынан әскери полигондар салу үшін жерлер кесіліп алынып отырды. Ол уақытта Қазақстан КП ОК бюросының келісімінсіз Мәскеудің тапсырмасымен белгілі территорияны көрсетілген уақытта ауылдардан, малшылардан тазартып қоюға тапсырма берілетін. Бұл тапсырмалар мүлтіксіз орындалуы тиіс еді. Бұл жолы да Атырау облысы жерінің белгілі бір бөлігін әскери мақсатта пайдалануға Қазақстан Президенті келісімін беріп отыр деген сөз. Ертең «өзбек сценариі» бойынша Ресей жағы «полигон аумағы ресейдікі» деп әскер күшін кіргізу арқылы тартып алмасына кім кепіл береді? Азу көрсетсе біздің билік Ресейге өткізіп жіберуге дайын қазір де дайын. Бұл аз болғандай соңғы кездегі Ресей саясаткерлері мен Путиннің тарапынан қазақ жеріне даулауы жиіледі. Ал полигон жерлері осыған негіз. Оны өмірдің өзі көрсетті…

Жағдай ушықпай тұрғанда мәселеге дереу Парламент, ҚР Бас Прокуроры, СІМ, жергілікті мәслихат депутаттары, қазақстандық барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, БАҚ араласулары керек.

Біз тағы да «ӨЗБЕК СЦЕНАРИІ» бойынша жерімізден айырлғалы тұрмыз…

Нұрлыбай Қошаманұлы, 18.04.2021, Facebook парақшасынан