Атырауда колледж қызметері грантқа түсіру үшін 300 мың теңге ақша сұраған – Қазақстан жаңалықтары

0

Университеттерді тексерген арнайы мониторингтік топ студенттер жатақханасында бөгде адамдардың тұрып жатқанын да анықтады, деп жазады Stan.kz.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің департаменті жанындағы арнайы бақылау тобының тексеру нәтижесі жайлы топ басшысы Амангелді Абдолов пен орынбасары Малик Қариев брифингіде айтты. 

Тексеру нәтижесінде, С. Мұқашев атындағы политехникалық колледж қызметкерінің грантқа түсіру үшін талапкерлерден 300 мың теңге сұраған. Қызметкерге қатаң сөгіс берілді. 

Одан бөлек студенттер жатақханасында бөгде адамдардың тұрып жатқаны белгілі болды. 

Спикердің айтуынша, мониторингтік топтың 90%-ы үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз