«Бәйкен» мешітіне жаңа имам тағайындалды (ФОТО)

0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры қызметтерінен босатылып, Алматы қаласы Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

 

Жұмабаев Данияр Әлимұхаммедұлы

 

01.07.1978 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

 

Білімі мен біліктілігі:

1985-1994 Физика- математика лицей-интернатын бітірген.

1994–1998 ж.ж. – Өзбекстанның Әндижан қаласындағы «Саид Мұхиддин Махдум» медресесін «имам хатиб және ұстаз» мамандығын бойынша тәмамдаған. 

1998–2001 ж.ж. – Пәкістан Ислам республикасы, Исламабад қаласындағы қарилар даярлайтын мектепте оқыған.

2015-2017 жж. Алматы қаласы, «Шет тілдер және карьера» университетінің магистрі.

 

Еңбек жолы:

2002 жылы – Алматы орталық мешітінде азаншы.

2004 жылы – Алматы орталық мешітінің найб имамы.

2003-2008 жылдар аралығында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімдерін жетілдіру Ислам институтында Құран және тәжуид сабақтарынан сабақ берген. Сонымен қатар, Алматы орталық мешітіне қарасты қарилар даярлайтын мектептің жетекші ұстазы.    

2011 ж. – Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы қызметінде.

2013 жылы – Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресесіне директоры болып тағайындалды.

 

Біліктілігі:

2002 жылы – Үндістанда өткен дүниежүзілік Құранды жатқа қырағаттап оқу сайысында ІІ-орынды иеленген. 

2003-2005 жылдары Малайзияда, Ливияда Құранды мәнерлеп жатқа айтудан өткен жарыстарға да қатысқан.

 

Марапаттары:

2014 ж. – Шапағат медалымен және Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының құрмет граматасымен марапатталған.