Атырауда бес жасар баланы зорлап кетті

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

44 жастағы қала тұрғыны бес жасар қызға сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Атырауда 4 тамызда балаға сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады azh.kz.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 44 жастағы қала тұрғыны бес жасар қызға сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілініп отыр.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



sputniknews.kz