Атырау-Орал тас жолында екі көлік соқтығысты

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

63 0 0

Жол апаты салдарынан 32 жастағы жүргізуші көз жұмды

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Атырау – Орал тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды «Мой город» порталы. 

Қайғылы жол апаты 12 қаңтар күні Атырау – Орал тас жолының 8 шақырымында болған. «Лада» мен «ВАЗ» маркалы көліктері соқтығысқан. 

«Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды. Тағы бес адам ауруханаға түсті», — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы «Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы  немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/