Атырау облысының Талдыкөл ауылын эвакуациялау басталды

0

Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылында тұрғындарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Су басу қаупінің күшеюіне байланысты эвакуациялық комиссия шешімімен Талдыкөл ауылы тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды.
“Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің #1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Сонымен бірге,  өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады,”- деп хабарлады жедел штаб.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Талдыкөл ауылында  Қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Құлсарыдағы ереуіл

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған.

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” — деп өз талаптарын жеткізді.

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.