Әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

0

Студенттің Роза Рымбаеваны айнытпай салғаны соншалық көпшілік оны әншінің өзі екен деп қалған. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok әлеуметтік желісінде елімізге танымал әнші Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы қызу талқыланып жатыр. 
Роза Рымбаеваны сахналаған студенттің видеосын Елдана Ғаниқызы атты TikTok қолданушысы өз парақшасында бөліскен.

«Студенттерді бақылау. 1-курс емтиханы. Еслям Нұртазин шеберханасы», — деп жазған автор.

Желі қолданушылары студент Елдананың жұмысына қатты таңғалды.

«Сессиясы осындай болса, дипломды қалай қорғайды екен?!», «Роза апамыздың өзі бұлай айта алмайтын шығар», «Сессиядан 100 балл алмаса, білмеймін енді», «Тура жап-жас Роза Рымбаева болып тұр ғой», «Автограф бола ма, Роза апай», — деп жазды олар.