Атырау облысында жүргізушісі өз көлігінде тірідей өртеніп кетті

0

Атырау облысында ер адам өз көлігінің ішінде тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды «Ақ Жайыққа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жантүршігерлік оқиға 28 желтоқсан күні орын алған.

Lada Priora көлігі жүріп бара жатқан жерінде жанып кеткен.

Ал қызыл жалыннан 56 жастағы ер адам аман шыға алмаған. Ол көлігінің ішінде тірідей өртеніп кетті.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаға байланысты тергеу басталды.