Алматыдағы актриса көз жұмған жол апаты: жүргізуші мас болған

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

697 0 0

Gelandewagen-нің рөлінде болған 33 жастағы ер адам уақытша ұстау абақтысында отыр

АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Алматыда үш адамның, оның ішінде қазақстандық актриса Шолпан Елгезекованың өмірін жалмаған жол апатын жасаған жүргізуші мас болған, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол апатына себеп болған Mercedes Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.  

Тергеу 33 жастағы ер адам көлік құралын мас күйінде жүргізгенін анықтады.  

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысында отыр.   

Адам өліміне әкелген жол апатын жасау (345-бабының 3-бөлігі) және жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кету (347-бап) фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды, сараптама жасалып жатыр. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Алматыда жол апатынан актриса қаза болды

29 желтоқсан күні Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде актриса Шолпан Елгезекова бар. Оның құрбысы Айзада Сатыбалдиева ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.  

Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа көлікке соқтығысқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/