Атырау облысында жеті баланың анасын кредит үшін өлтіріп кеткен: Оқиғаның мән-жайы анықталды

0

Атырау облысында «Алтын Алқа» иегерін кредит үшін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкім шығарды. Әйелдің артында жеті баласы қалды. Үлкені колледжде оқыса, кішісі бес жаста көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Сотта ауыр қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Материалдарға сәйкес, өткен жылы наурыз айында жеті баласы бар 35 жастағы келіншек Құлсары қаласының 25 жастағы танысынан кредит алып беруді сұраған. «Алтын Алқа» иегері ай сайынғы төлемдерді уақытында төлеуге уәде берген.

Бірақ баспаханада еден жуушы болып жұмыс істеген әйел уәдесін орындай алмапты. Кредит алып берген ер адам оны сол үшін өлтірген. Қараша айында ол келіншекті аңдып, жұмыстан шыққан жерінде пышақтап кеткен. Көпбалалы ана алған жарақатынан көз жұмды.

Оның артында жеті баласы мен күйеуі қалды. Үлкен баласы колледже оқиды, ал кенжесі бес жасқа толды. Қылмыскер әйелге 8 жерден пышақ салған.

Сот үкіміне сәйкес, ер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның өз кінәсін мойындағанын және полицияға өздігімен келгенін ескерген. Сондай-ақ отбасылық жағдайына мән берген. Тергеу шараларына да белсенді атсалысты.

Естеріңізге салайық, қанды оқиға былтыр қараша айының аяғында Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. 35 жастағы «Алтын алқа» иегерін танысы пышақтап кеткен еді. Қылмысты жасай сала ол анасына барып алып берген несиені төлемегені үшін өлтіргенін айтып мойындаған.