Екібастұздағы «Маугли балалар» оқиғасы: Бірқатар шенеунік қызметінен қуылды

0

Екібастұзда тұрмысы нашар отбасында болған оқиға бойынша ішкі тергеу аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Рavlodarnews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы бірқатар шенеунік пен жауапты адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екеуі енді өз лауазымдарын атқармайды. Жұмыс тобы сондай-ақ осындай жағдайларды болдырмау үшін ұсыныстар жасады.

Іс жүргізу нәтижесінде Екібастұз қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары С. Көжелдақов қызметінен босатылып, қызметтік тергеу барысында Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы С. Майдисаров қызметінен кетті.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М. Маликоваға, Ақсу қалалық ауруханасының дәрігерлік амбулаториясының ЖТД меңгерушісі Б. Нұралдиноваға және Екібастұз қаласы ЖПҚ бөлімінің учаскелік Б. Кишевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Екібастұз қаласы білім бөлімінің бас маманы Н. Байғұрманова, Ақсу қалалық ауруханасының директоры М. Мұқашев, «Дисконт» ӨК учаскелік дәрігері М. Алханова, «Дисконт» ӨК учаскелік медбикелері А. Сманқұлова және А. Жұмалиденова сөгіс алды.

Екібастұз қаласының №2 емханасының учаскелік дәрігері Н. Аждарова мен №2 Екібастұз қалалық емханасының учаскелік медбикесі Б. Ботагөзоваға сөгіс жарияланды.

Екібастұз полиция басқармасы ЖПҚ бастығы Т. Құдайбергеновке лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау туралы ескерту жасады, ал Екібастұз полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қ. Шакарғалиевке қарамағындағылардың жұмысындағы кемшіліктерін көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін «Vita» қайырымдылық ұйымы Екібастұз қаласы мемлекеттік органдарының өтініші бойынша көпбалалы отбасыға көмекке барған кезде жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатқан балаларды анықтағанын хабарлаған еді.

Олар лас үйде, денсаулықтары нашар күйде өмір сүріп жатқан және соңғы үш күнде тамақтанбағаны белгілі болды. Отбасы 2019 жылы Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінен Екібастұз қаласына көшкен.

Кейін Павлодар облысының әкімі оқиғаға қатысты Екібастұзда кеңес өткізді. Сондай-ақ Екібастұз бен Ақсу қаласының әкімдері сөгіс алды.