Атырау облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды

0
322

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында қарулы екі адам жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, 500 мыңға жуық қаржыны алып кеткен деп хабарлайды Ақжайық.

Қарақшылық шабуылға байланысты полицейлер бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Нәтижесінде, күдікті деп танылған 26 және 27 жастағы екі азамат тұтқындалды. Анықталғандай, олар жергілікті тұрғындар болып шыққан.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.