Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұсталды — БАҚ

0

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

«Оларды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтаннан Атырауға арнайы барған бір топ қызметкері ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл пара оларға тендер үшін берілген», — деп жазды басылым.