атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 355-ші күн. Жыл соңына дейін 10 күн бар.
21 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
21 желтоқсанда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – Сөзжұмбақтың туған күні. Бос уақытыңды ойлау жүйең мен интеллектің үшін пайдалы өткізудің ең бір тамаша жолы — «Ойлан, тап» және басқа логикалық тапсырмаларды орындау. Көптеген адам сөзжұмбақ шешуге құмар келеді, тіпті сол үшін сыйлық беретін конкурстарға қатысады.
Мұндай жұмбақты алғаш рет ХХ ғасырдың басында Нью-Йоркте америкалық тілші А. Уинн жасап шығарды, оған Рождество қарсаңында отбасының барлық мүшесіне қызық дүние ойлап табуға редакция тапсырма берген екен. Оның сөзжұмбағы 1913 жылы 21 желтоқсандағы New York газетіне жарияланады.
Сонымен қатар бүгін баскетболдың да туған күні тойланады. Спрингфилдтағы Жастар христиан қауымдастығы колледжінің мұғалімі Джеймс Нейсмит студенттер әбден жалыққан дене шынықтыру пәнін қызықты өткізгісі келіпті. Ол спорт залдың балконына шабдалыдан қалған екі себетті байлап қояды. Содан соң он сегіз студентті екі топқа бөлген. Ойыншылар допты алып жүрмей, орнында тұрып бір-біріне лақтырып, себетке дәл түсіруге тырысқан. Осылайша көпшілікке танымал спорт түрі пайда болды.
Сонымен бірге, бүгін – Жапон ұлттық тағамын әзірлейтін аспаздың күні. Соңғы жылдар жапон тағамдары барған сайын танымал болып келеді. Жапон мейрамханалары көптеп ашылып, тіпті кез келген дәмхананың ас мәзірінде әртүрлі жапон сушиі, сорпа мен тұздықтары бар. Аспаз ретінде жапон ұлтының өкілін, тым құрығанда соған ұқсайтын адамды алу кең тараған.
21 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1891 жылы АҚШ-та тарихта алғаш рет баскетбол ойналды;
1953 жылы Ресейде Новомосковск балалар теміржолы ашылды;
1968 жылы «Аполлон-8» пилотты ғарыш кемесі ұшырылды;
1988 жылы Ан-225 «Мрия» ауыр жүк көтергіш реактивті ұшақ алғаш рет ұшырылды.
21 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1991 жылы КСРО-ның таратылғанын жариялаған Алматы декларациясы қабылданып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы прокуратурасы туралы» заңды қабылдады;
2012 жылы сақ кезеңіндегі археологиялық қазбалардың деректері негізінде «Қанатты барыс туралы аңыз» мультфильмі түсірілді.
21 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1879 жылы кеңестік мемлекет және саяси қайраткер, КСРО-ны 1920 жылдардың аяғынан 1953 жылға дейін басқарған Иосиф Сталин дүниеге келді;
1896 жылы кеңестік және поляк әскери қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы (1944), Польшаның маршалы (1949) Константин Рокоссовский дүниеге келді. Жеңіс Шеруін басқарған. Екінші дүниежүзілік соғыстың ірі қолбасшыларының бірі. Екі рет Кеңес Одағының батыры атанған (1944, 1945);
1925 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Ольга Аросева дүниеге келді (фильмдері: «Берегись автомобиля», «Старики-разбойники»);
1938 жылы кеңестік және ресейлік балет әртісі, балетмейстер, хореограф, педагог Мира Кольцова дүниеге келді;
1948 жылы америкалық актер Сэмюэль Джексон дүниеге келді;
1977 жылы ресейлік тележүргізуші, әнші әрі актриса Анфиса Чехова дүниеге келді.
21 желтоқсанда Қазақстанда кімдер туған
1911 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының батыры Николай Колбасов дүниеге келді;
1935 жылы Орал маңындағы кен орындарын ашқан ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Сухан Қамалов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін бәрі тып-тыныш, ың-шыңсыз өтеді. Балаңызбен уақыт өткізгеніңіз жөн. Ал өзіңізде жоқ болса, баласы бар достарыңызға немесе балалар үйіне баруға болады. Қалай болғанда да, бұл күн тамаша өтеді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/