11 желтоқсан — атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 345-ші күн. Жыл соңына дейін 20 күн бар.

11 желтоқсанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

11 желтоқсанда қандай қызықты оқиғалар болды

Аргентинада бүгін Ұлттық танго күні тойланады. Құштарлыққа толы ғажайып би бүкіл әлемге танымал. Тангоның отаны Буэнос-Айрес қаласының кедей порттық аудандары болып саналады, мұнда көптеген елдің би мәдениеті тоғысқан. Шетелдік теңізшілер алыс елдерден жүкпен бірге «мәдениеттің бір бөлшегін» тасымалдапты: испандық фламенко, кубалық хабанера, аргентиналық милонга және тағы басқа Еуропада танымал билердің ырғақтары ортақ үйлесім тапқан. Бұл бидің атасы — Карлос Гардель. 

Бүгін сонымен бірге Халықаралық таулар күні аталып өтеді. Ол таулы аймақтардың мәселелері мен тұрғындарына, табиғи балансты сақтауға бағытталған. Мұндай табиғат жүйелері өте әлсіз келеді, көбінесе сирек кездесетін жануарлар мен құстар мекендейді, ерекше өсімдіктер өседі, сондықтан экологиялық тепе-теңдікті бұзу өте оңай. Адамдар ерте кезден тауды бағындыруды алдына мақсат қойған – ештеңеден қорықпайтын батыл жандар аспанмен таласқан шыңға шығуға талпынады. Ата-бабаларымыздың наным-сенімі бойынша тауларда құдайлар тұрады, сол себепті көптеген шыңдардың аты дін және тылсым күштермен байланысты (мысалы, Олимп).

Сонымен қатар, бүгін Өз өмірінің қожайыны күні тойланады. Өмірімізді бағалауға тәрбиелейтін бұл мейрамды жақын-жуығымыз бен дос жаранымыздың ортасында өткізген абзал. 

11 желтоқсанда болған тарихи оқиғалар

1816 жылы Индиана АҚШ-тың он тоғызыншы штаты болды;

1941 жылы Германия мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады;

1946 жылы БҰҰ жанында ЮНИСЕФ ұйымы құрылды;

2000 жылы АҚШ-та «Acela Express» атты биік таулы аймақтарға арналған жүрдек пойыздар тұрақты пайдалануға берілді.

11 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1998 жылы Қазақстанның Қарулы Күштер жарғысы бекітілді;

2005 жылы Астанада Қазақстанның Ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік үш түрлі күміс монеталарды сатылымға шығарды – «Жайран», «Жошы хан кесенесі» және «Жолбарыстың басы»;

2012 жылы Астанада Орталық Азия және Ауғанстанның кәсіпкер әйелдерінің іскерлік қауымдастығы құрылды.

11 желтоқсанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1918 жылы орыс жазушысы, драматург, публицист, ақын, қоғам және саяси қайраткер, КСРО, Швейцария, АҚШ және Ресейде тұрып, қызмет еткен Александр Солженицын дүниеге келді. Әдебиет  саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1970 жыл);

1922 жылы кеңестік теннисші, халық әртісі, еңбек сіңірген спорт шебері, актер, спорт комментаторы Николай Озеров дүниеге келді;

1930 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Михаил Светин дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (1996). Фильмдері —  «Чародеи», «Афоня», «Не может быть!»;

1953 жылы кеңестік және ресейлік музыкант, әнші, ақын, композитор, суретші, продюсер, тележүргізуші, «Машина времени» рок тобының басты мүшесі Андрей Макаревич дүниеге келді.

11 желтоқсанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1919 жылы әнші, музыкатанушы Талиға Бекхожина дүниеге келді;

1948 жылы техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның Инженерлік академиясы корреспондент мүшесі, еңбек сіңірген қызметкері Ғибадулла Жәкенов дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жағалау күзетінің өңірлік басқармасы басшысы Қадыржан Мұқанов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бүгін сондай жеңіл күн, арқаны кеңге салып, еш алаңсыз демалсаңыз болады. Бұл күннің қалай өткенін байқамай қаласыз, алдағы биік белестер үшін күш жинаңыз. Уақытыңызды отбасыңызға арнағаныңыз жөн.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/