Домой Жаңалықтар атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
128

Бұл – Григориан күнтізбесінлдегі 325-ші күн. Жыл соңына дейін 40 күн бар.

21 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

21 қарашада қандай қызықты оқиға болды

«Сәлем!», «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы күн» деген сөздерді әртүрлі адамдарға күнделікті талай рет айтамыз. Бірақ оның мәнісі неде – бұл сөздер шын жүректен айтыла ма, әлде жай ғана ілтипаттың, сыпайылықтың белгісі ме? Әрине, көбінесе соңғы ой шындыққа жанасады. Ал енді өмірімізді сәл де болсын мейірімге толтырып, сол бір құрғақ сөздерді шынайы сезіммен айтсақ қандай жақсы! Жақсы сөз жарым ырыс деген бар. Жер бетіндегі әр халықтың амандасу салты әртүрлі болса да, мәселе оның сыртқы формасында емес, мағынасында ғой. Жыл сайын тойланатын World Hello Day мерекесі бойымызға адамгершілік қасиетті сіңіретіні сөзсіз.

Ондаған ел бүгін Дүниежүзілік телевидение күнін атап өтеді. Бұл жас мерекелердің бірі – 1996 жылы бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форумнан кейін бекітілген. Қазіргі заманда телевидение байланыс пен жаһандану символына айналды. Телехабар таратпайтын мемлекет әлемде кемде-кем. Бүкіл телевидение қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Ұзақ ғұмыр сүріңіздер! Үлгергуден шаршамаңыздар!

Бүгін тағы бір тамаша мереке – Жарқыраған терезелер күні аталып өтеді. Терезеден жарық жанып тұрса, сол үйге барғың келіп кетеді – көкейімізге балдай тәтті кешкі ас, жанға шуақ сыйлайтын жылу және сүйіспеншілік сезімі бірден оралады. Қарашада күн ерте батады, бәлкім, содан шығар – мереке осы айда тойланады. Олай болса, бүгін жақындарыңызды мейірім мен махаббатқа бөлеңіз. Олар бұған зәру, бәлкім, араға уақыт салып сізді де қуантатын шығар. Тіпті қуантпаса да, бәрі бір емес пе… Өмір деген қызық, ештеңені болжап біле алмайсың… Қайырым мен махаббаттың қайдан келерін білу мүмкін емес. Көп ұзамай терезелеріміз мүлдем басқаша жарқырайтын болады. Жаңа жыл шыршасынан төгілген алуан түсті жарық айналаны құлпыртып жібереді!

21 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1783 жылы Францияда алғаш рет адам әуе шарымен аспанға ұшты;

1877 жылы фонограф ойлап шығарылды;

1996 жылы БҰҰ штаб-пәтерінде Бірінші дүниежүзілік телевизиялық форум өтті;

2013 жылы Евромайдан – Украинада Киев орталығында ұзақ айларға созылған жаппай наразылық акциясы басталды.

21 қарашада Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды?

2005 жылы «Қазақстан-Антарктида-2005» спорттық экспедиция мүшелері Антарктиданың атауы жоқ екінші шыңын бағындырып, оған Қазақстанның елордасы құрметіне «Астана» атауын берді;

2005 жылы Таразда ұлы ойшыл, исламтанушы ғалым, теолог, ақын, ағартушы Саид Махмуд әл-Тараздың ескерткіші ашылды;

2014 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі «Ана» ескерткіш монетасын шығарды.

21 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар

1694 жылы француз философы Вольтер дүниеге келді;

1768 жылы неміс философы, теолог Фридрих Шлейермахер дүниеге келді;

1918 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, көркем сөз шебері, педагог Михаил Глузский дүниеге келді. КСРО-ның халық әртісі (1983);

1927 жылы кеңестік актриса, кеңес комедиясының жұлдызы Тамара Носова дүниеге келді. («Свадьбе в Малиновке», «Карнавальная ночь», «Здравствуйте, я ваша тетя!» фильмдері);

1944 жылы америкалық режиссер, актер әрі сценарист Харольд Рамис дүниеге келді.

1991 жылы ресейлік әнші,  SEREBRO тобының мүшесі Полина Фаворская дүниеге келді.

21 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1910 жылы тілтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ахмеди Ысқақов дүниеге келді;

1942 жылы Қазақстанның күзет ұйымдары қауымдастығының президенті Болат Байекенов дүниеге келді;

1948 жылы кинотанушы, сценарист Күлшара Айнағұлова дүниеге келді;

1948 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Рашида Хаджиева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бүгін өзіңіз үшін жаңа бірдеңені қолға алсаңыз болады, бұрын-соңды айналыспаған, күнделікті өміріңізге жаңа реңк сыйлайтын істі байқап көріңіз. Заман ағымынан қалыспай, жаңа бір іспен беріле айналысып, өз-өзіңізден асып түсуге тырысыңыз.