атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0
214

Бұл – Григориан күнтізбесінде 364-ші күн. Жыл соңына дейін 1 күн бар

30 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

30 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

1922 жылдың 30 желтоқсанында әлем тарихының барлық кезеңіндегі ең ірі мемлекет – Кеңес Одағы құрылды. КСРО әскери қуаты жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында болды, ал әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша штаттардан айтарлықтай артта қалды. Бауырлас елдер: Ресей, Украина және Беларусь Кеңес Одағының негізін қалаушы мемлекеттер болды. Одан әрі Кавказ және Азия республикалары одақтық келісімге қосылды.

 Кеңестік кезеңде ғылым мен техникада серпіліс жасалды. Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды, алғаш рет адам баласы ғарышта болды, атом игерілді. КСРО өткен ғасырдың тоқсанынша жылдары дағдарысқа ұшырап, ыдырады.

 Бүгін сондай-ақ Сыйлықтарды буып-түю күні аталып өтеді. Дата өз уақытында таңдалып алынған. Жұрт ендігі жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алып үлгерді, ал 30 желтоқсан күні оларды қалай буып-түйетінімізді ойлаймыз. Егер сыйлықты ертерек қаптай бастасаңыз, онда ол бүлініп, қырыстанып, кірлеп немесе шаң басып қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, алдын-ала буып-түйілген сыйлықты сақтау көп орынды қажет етеді. Қораптағы сыйлық бірден бала-шағаның көзіне түседі, оралмаған сыйлық оңаша орында, қараңғы бұрышта немесе шкафтың жоғарғы сөресінде сақталады. 31 желтоқсанда сыйлыққа көңіл бөлуге уақыт болмайды, Жаңа жылға дайындалуымыз керек.

30 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1903 жылы Чикагода «Ирокез» театрынан ірі өрт шығып, 600-ден астам адам қаза тапты, 250-і жарақат алды;

1927 жылы КСРО-да әлемде алғаш рет өнеркәсіптік синтетикалық каучук алынды;

1993 жылы Израиль мен Ватикан дипломатиялық қатынас орнатты.

30 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1995 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды;

1998 жылы «Тауарларды импорттау кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарияланды;

1999 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражай-үйі ашылып, қаламгер тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды;

2007 жылы Талдықорған қаласында, Алматы облыстық ішкі істер департаментінде тарихи мұражайдың ашылуы болды;

2009 жылы Алматыда «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

30 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1905 жылы  орыс жазушысы және ақыны Даниил Хармс дүниеге келді. ОБЭРИУ бірлестігінің мүшесі;

1932 жылы италиялық актер, комик, режиссер және жазушы, «Фантоцци» және «Синьор Робинзон» фильмдерінің жұлдызы Паоло Вилладжо дүниеге келді;

1937 жылы КСРО халық әртісі, опера әншісі (сопрано) Цисана Татишвили дүниеге келді;

1969 жылы британдық әнші және әндердің авторы, «Jamiroquai» тобының негізін қалаушы және солисі Джей Кей дүниеге келді.

30 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

1891 жылы Қазақстанның ең қарт орыс жазушысы Николай Анов (шын тегі Иванов) дүниеге келді;

1923 жылы Кеңес Одағының батыры (1944), Ұлы Отан соғысының қатысушысы Иван Косенков дүниеге келді;

1943 жылы ақын Нұркенже Хасенов дүниеге келді;

1954 жылы белгілі журналист, ҚР журналистика академиясының академигі Жұмабек Кенжалин дүниеге келді;

1949 жылы мүсінші, суретші, Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі Валерий Пирожков дүниеге келді.

Ай күнтізбесі 

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бүгін сізге әжептеуір күш-жігер керек. Атпен серуендеуге немесе әуе шарымен ұшуға қолайлы күн, сізге жаңа әсер алу қажет. Кездесуге уақыт таппай жүрген достарыңызды шақырыңыз, бірге көңіл көтеріп, сырласуға тамаша мүмкіндік болады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/