Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің түйткілді тұстары

0
72

Осы талаптың атаулы әлеуметтік кө­мекке де қатысы бары сөзсіз. Өйт­кені ол жүздеген отбасы тұрмысы­ның жақ­саруына жәрдем беріп келеді.

2018 жылғы 5 қарашада Мәжі­ліс­те «Жаңа форматтағы атаулы әлеу­меттік көмекті енгізу барысы туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, сол жерде Ауылшаруашылы­ғы министр­лігінің өкілі әлеуметтік көмек алу туралы қойылған сұраққа жауап бере алмады. Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің атына сауал жол­дап, осы сұрақты қоюымызға тура келді.

Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміт­кер аз қамтылған отбасы­лар­­­дың жиынтық кірісін есептеу­дің қол­­д­аныстағы әдістемесі­не сәй­­кес адам­ның (отбасы­ның) жан бас­ына шаққандағы орта­ша кірісін есептеуде жеке қосал­қы шаруа­шылықтан (ЖҚШ) алынған кірістер ескеріледі.

Бұл ретте жоғарыда аталған әдіс­темеде көзделген, жеке қосалқы шаруа­шылықтан түсетін кірістерді есептеу бойынша көзқарастар 2005 жылдан бері қайта қаралмаған, бұл казіргі жағдайда атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткерлер кірістерінің мөлшерін асыра ұлғайтуға немесе кемітуге алып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі өз тарапынан Ауыл шаруа­шылығы министрлігіне тиісті ұсы­ныс­тарды қарау және бекіту үшін тапсырып қойғанын мәлімдеп отыр.

 Осыған байланысты анықтағымыз келетіні – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда Ауыл шаруашылы­ғы министрлігінде жеке қосалқы шаруа­шылықтан түсетін жиынтық кірісті есептеудің қолданыстағы әдіс­темесін жаңарту және қайта қарау үшін қандай шаралар қаралып жат­қандығы, қай мерзімге дейін ол шаралар қолданысқа енетіні.

Байділда ЖЫЛҚЫШИЕВ,

Мәжіліс депутаты