Атасы жаңа туған немересіне арақ ішкізген: отбасының қуанышы қайғыға ұласты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сәбидің бір айға толуына орай бас қосуда орны толмас қайғылы оқиға болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қытайдың Пекин қаласында ақсақал жаңа туған немересіне ішімдік беремін деп өлтіріп алды. Бұл туралы AsiaOne ақпараттық порталы жазады.

Отбасының туған-туыстары мен достары сәбидің бір айға толуын атап өту үшін бас қосқан екен. Нәрестенің атасы тост айтқаннан кейін қонақтардың бірі: «Немерең ішпесе, қалай ішесің?» – деп қалжыңдайды.

Тағы оқыңыз: Павлодарда ноутбук ата мен немеренің өліміне себепші болды

Сол кезде ақсақал сәбиге өз бокалынан ішімдік ішкізген. Анасы жетіп барып, бөбекті қолына алады. Арада жарты сағат өткенде сәбидің тынысы тарылып, дем алмай қалыпты.

Баланы шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Сәби өлімі туралы қорытындыда нәрестенің ішімдіктен улану салдарынан шетінегені жазылған.

Тағы оқыңыз: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды



sputniknews.kz