Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді — Қазақстан жаңалықтары
Ресейде жаңа туған сәбиге оның ата-анасы коронавирустың құрметіне есім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кемерово облысына қарасты Новокузнецкте ұл балаға Ковид (COVID, COrona VIrus Disease, яғни «коронавирус ауруы» сөзінің қысқартылуы ) есімі қойлыпты.
Ерекше есімге ие болған баланың әке-шешесі өздерінің бұл шешімін бұл есімнің бұрын-соңды еш кездесепегенін айтып мақтаныпты. Ерлі-зайыптылар Ковид есімі өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді.
«Бұл сіздерге Ваня, Саня, Коля, Толя, Коля емес. Бұл есімді ешкіммен шатастырмайсың», -дейді дара атқа ие болған нәрестенің ата-анасы.
Сондай-ақ олар бұл есімнің олардың балаларына сәттілік әкелетініне сенетінін айтыпты.
Ресейлік балақай коронавирустың құрметіне есімге ие болғандардың алғашықысы емес. Бұған дейін Үндістанда ерлі-зайыптылар қызына Корона деген есім беріпті.
stan.kz