Нұр-Сұлтанда баспанаға құжат қабылдау басталды
Нұр-Сұлтанның Тұрғын үй орталығы 2-9 желтоқсан аралығында «халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары» үшін сатып алу құқығынсыз жа берілетін баспанаға құжат қабылдау басталатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Барлығы 309 пәтер бөлінді, оның ішінде:
- 165 бір бөлмелі пәтер (34-36 шаршы метр);
- 141 екі бөлмелі пәтер (48-51 шаршы метр);
- 3 үш бөлмелі пәтер (68 шаршы метр).
Орналасқан жері: Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай, Сарыбұлақ өзенінің бойындағы тұрғын үй кешені – Лот Б-7.
Әлеуметтік әлжуаз топтарға кімдер жатады:
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түріне шалдыққан азаматтар;
- жасы бойынша зейнетке шыққандар;
- жетім балалар;
- қандас;
- экологиялық апат салдарынан баспанасынан айырылғандар;
- қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары;
- толық емес отбасылар.
Айта кетсек, 309 пәтердің 93-і жетім балаларға қарастырылып отыр.
Құжат тапсыру шарттары
Өтініш 2-9 желтоқсан аралығында қабылданады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді?
Құжат қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы («Онлайн қызметтер» бөлімі — «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтініш беру») тек электронды түрде жүргізіледі.
Пәтер «Халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы» санаты бойынша елордада баспана кезегінде тұрғандарға ғана беріледі.
Ай сайынғы жалға алу құны – 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта.
Қалай тапсыруға болады
- ЭЦҚ кілті;
- балалардың туу туралы куәлігі/отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
- өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болған жағдайда).
Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz сайты мен Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/capital_life/20201130/15613972/baspana-qujat.html