Назарбаевтың туған күнінде. Алматы әкімдігі «өтпеген іс-шара үшін» 63 млн теңге жұмсаған

0

Instagram желісінде Алматы қаласының жаңалықтарын белсенді бөлісетін парақшалардың бірі 3D шоу әзірлегені туралы ақпарат тарады. Алайда қала тұрғындары аталған шоуды көрмегенін жазып жатыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Алматының мәдениет басқармасы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келетін Астана күніне арнап 63 миллион теңгеге 3D шоуға тапсырыс берген.

Мемлекеттік сатып алу сайтында ақшаның төленгені жөнінде ақпарат бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @almalivekaz

Бірақ шоудың өткені туралы ешбір БАҚ-та жарияланбаған.