Астананың аязында қатып қалған көлікті оталдыру қызметі қанша тұрады
2018 жылғы 25 желтоқсан 12:08 268
АСТАНА. ҚазАқпарат — Сарышұнақ аяздар басталған кезде далада тұрып «қатып» қалған көлікті қыздырып, оталдыру керек. «ҚазАқпарат» тілшісі бұл қызмет түрі қазіргі кезде қанша тұратынын және оған нелер кіретінін анықтады.
Бүгінде қала ішінде көлікті қыздырып, оталдырып беретіндер қызметі үшін 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін сұрайды.
Бұл соманың ішінде келесі қызмет түрлері кіреді, айталық: моторды құрылғымен жылыту, оталдыру білтелерін қыздыру, компьютерлік диагностика, бензин сорғысының қысымын тексеру, қозғалтқыш компрессиясын көтеру және түйткілді анықтайтын механиктің қызметі.
Егер көлігіңіз мүлдем оталмай қойса, жөндеу орталығына болмаса үйге шейін жеткізіп беретін эвакуатор қызметіне де соншалықты ақша жұмсауға тура келеді. Ал егер көлік қаладан қашық жолда тоқтап қалса, жүрілетін бір шақырым үшін 300-350 теңгеге дейін сұралады.
Сонымен қатар, көптеген эвакуатор жүргізушілері қатты аязда күре жолдардағы қозғалыс жабылып қалатындықтан жолда тұрып қалған автомобильге тек құтқару қызметі көмекке келе алатынын атап өтті.
Автор: Азамат Сыздықбаев
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz