Астаналық тұрғын бауырының қайда екенін айтқан адамға қомақты ақша беруге дайын
Астанада ер адам Қарағандыдағы құрбасына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Жақынын іздеп, жанын қоярға жер таппаған туыстары енді бауырлары жайлы ақпарат берген адамға қаржылай сыйақы бермекші деп хабарлайды NUR.KZ.
Амангелді Айтжановтан үш айдан бері хабар жоқ.
«Мен бауырымның қазір қайда екенін айтқан адамға едәуір ақшалай сыйақы беруге дайынмын. Біз үш айдан бері ол тірі ме, жағдайы жақсы ма ол жағын біле алмай отырмыз», — дейді әпкесі Эльмира.
Эльмира Амангелдінің Астанадан таксимен шықаннын, аман-есен құрбысына жеткенін анықтаған.
Алайда құрбысының үйінен 10 қыркүйек күні шығып кеткен ер адамның әлі күнге дейін хабар жоқ.
Қазір астаналықты іздеумен полиция айналысып жатыр.
Амалы қалмаған Амангелді Айтжановтан туыстары үш балгерге жүгінген. Олардың үшеуі де ер адамның тірі екенін алайды оны күшпен ұстап отырғанын айтқан.
Туыстары Амангелді Айтжановқа қатысты қандай да бір ақпарат білетін адам болса 102 немесе 8 778 311 81 03 нөміріне хабарласуын сұрайды.