Астанадан 38 мың текше метрге жуық қар шығарылды

0
26 Қараша 2018, 11:26 110 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана. BAQ.KZ. Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метрге жуық қапр шығарылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, күн сайын көшелерді тазалау жұмыстарын 100 шақты мердігер ұйым жүргізеді.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, 25 қарашада тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 693 бірлігі жұмылдырылды. Қала көшелерін қардан тазартуға шыққан жол жұмысшыларының саны – 278 адам. 25 қарашада 37921 текше метр қар шығарылды. «Астана Тазалық» 16437 текше метр қарды шығарса, қалған мердігер ұйымдар – 19646, «Зеленстрой» АҚ – 1838 текше метр қарды қала сыртына жеткізді. 25 қарашада құм-тұз аралас қоспаның 425 текше метрі себілді.

16 қазан мен 25 қараша аралығында қала сыртына шығарылған қардың көлемі 332658 текше метрді құрайды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.

Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ