Астанадағы ХҚКО-да еліміздің туы төңкерулі күйде ілулі тұрған (видео)

0

Астанадағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барған тұрғын ғимарат төбесінде желбіреп тұрған Қазақстан туының төңкеріліп қалғанын байқаған. Мемлекеттік рәміздің керісінше ілініп тұрғанын көрген азамат күйінішін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бейнежазба Instagram желісіндегі елордалық топтардың бірінде жарияланған.

«Міне, бұл Астана қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Мұнда біздің туымыз төңкеріліп тұр.

Мен бұдан асқан сорақылық көрген емеспін. Өздері байқамай ма екен? Қалайша осындай ғимаратта отырып, ештеңе байқамауға болады?

Бүгін 2018 жыл, 6 желтоқсан. Ал көк туымыз бірнеше күн бойы осылай ілініп тұр. «Су басынан бұзылады, балық басынан шіриді» деп бекер айтылмаған екен ғой», — дейді бейнежазба авторы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінде автордың сөзін растады.

Олар тудың керісінше ілініп қалғанын, артынша оның қалпына келтіргенін мәлімдеді.

«Шынында да, мұндай факт орын алды. Қазір біз туды керісінше, заңнамаға сәйкес ілдік. Ал мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жұмыстан қуылуға дейінгі жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, ХҚКО-ның басшылығы да жазаға тартылады», — деді Астанадағы баспасөз хатшысы.