Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы қыз құдықтан табылды — Тосын жай
Астанада 13 жастағы қыз құдыққа құлап, қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Rina.kz еріктілері хабарлады.
Олардың ақпараты бойынша, 2018 жылы 24 қарашада шамамен сағат 12-де қыз үйінен «Жастар» театрына шығып, кейін Жұмабаев көшесіндегі пиццерияға барған. Онда 17.30-ға дейін болған, ал кейін қыздың қайда кеткені белгісіз.
«25 қарашада қыз құдықтан табылды. Ол қайтыс болды», — деп хабарлады еріктілер.
Жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі өкілдері растады. Ведомстводағылардың айтуынша, қыздың денесі Қошқарбаев пен Өзбек Әлі Жәнібек көшелерінің қиылысындағы ашық кәріз жүйесінен табылды. Оны шығаруға орталық аймақтық аэромобиль құтқару жасағының қызметкерлері қатысты.