Астанада жаңа жыл түні қанша бала туды?

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Биыл жаңа жыл түні елордада өмірге келген нәрестелер саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда аздау

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл түні Астананың перзентханаларында 24 сәби дүниеге келді.

Биыл туған ұл мен қыздардың саны тең екен.

«Астанада жаңа жыл түні 24 бала дүниеге келіпті: 12 қыз бен 12 ұл. Сәбилердің жағдайы жақсы», — деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Астанада Жаңа жылда былтыр 57 бала дүниеге келген. 2016 жылы 31 желтоқсаннан қаңтардың біріне қараған түні бас қаламызда 65 нәресте туған.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/