Астанада ұялы байланыс компаниясының қызметкері абоненттердің шотынан 3 млн теңгені қолды қылған

0

Ақшалай қаражат көптеген бір күндік абоненттік нөмірлер және жалған тұлғалардың банктік карточкалары арқылы бірінен-біріне аударылып отырған.

Астана қаласының полиция қызметкерлері абоненттердің шоттарынан ақша жымқырған ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің ақпаратынша, 2017 жылдың басынан бастап 2019 жылдың қаңтары аралығында ұялы байланыс компаниясына теңгерімдерінен түрлі сомалар (10 000 мың теңгеден 50 000 теңгеге дейін) жоғалып тұратыны туралы абоненттерден шағымдар келіп түскен. Аталған факті бойынша 2019 жылғы 18-қаңтар күні Астана қаласы ПД-ге абоненттерден 3 000 000 теңгеге жуық ақшалай қаражатты жымқыру дерегі бойынша ұялы байланыс компаниясының өкілінен арыз түскен.

«Жедел-тергеу іс-әрекеттері барысында Астана қаласы Криминалдық полиция қызметкерлері ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкерін ұстады. Тінту барысында одан қылмысын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Тергеп-тексеру барысында күдікті әлеуметтік инженерияның тәсілдерін пайдалану арқылы абоненттердің шоттарына қол жеткізгені анықталды. Содан кейін оларды қысқа мерзімге сөндіріп қойған және осы кезде ақшалай қаражатты жымқырған. Ақшалай қаражат көптеген бір күндік абоненттік нөмірлер және жалған тұлғалардың банктік карточкалары арқылы бірінен-біріне аударылып отырған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 3000 000 теңгені құрады»,- деп атап өтті полиция өкілдері.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/