Астанада қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтады

0

Астанада 25 желтоқсан күні қатты аяздан мектептерде барлық сынып оқушыларына және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлады.

24 желтоқсанда «Қазгидромет» мекемесі Қазақстанның солтүстік облыстарында және Астанада 25-27 желтоқсан күндері 35-39 градусқа дейін аяз тұратынын ескерткен. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Таймыр түбегінен Сібірге жеткен антициклоннан Қазақстанның бірнеше облысында аяз күшейеді.

Дереккөз: Азаттық