Астанада медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылады

0
94

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің ұйымдастыруымен кәсіби медиаторлардың кездесуі өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған медиация орталықтарының басшылары, тренерлер Қазақстан Республикасындағы Медиация институтының қазіргі жағдайы мен даму жолдарын талқылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова «Жоғары сотпен бірге өңірлерде татуластыру орталықтарынның желісін кеңейтуді жоспарлаудамыз. Сонымен қатар жанжалды жағдайларда азаматтарға медиация құралдарын пайдалану мүмкіндігі жөнінде кеңінен ақпарат беру мақсатында кәсіби медиаторлардың тізбесін тұрақты түрде өзектендіріп тұру бойынша міндет қойып отырмыз», – деді.

Спикер Светлана Романовская жанжалдарды соттан тыс реттеу жүйесін жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар енгізді. «Шығыс Қазақстандық «Альтернатива» медиация және құқық орталығының» өкілдері А. Каленова мен М. Дьячук заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тұшымды ойларын білдірді. Павлодарлық медиация орталығының жұмыс тәжірибесі мемлекеттің қоғамдық институтты қолдауының жарқын үлгісі болды.

Қарағандылық медиаторлардың көпжылдық еңбегі нақты ұсыныстар ретінде көрініс тапты. Біз медиация дамуының өзегін сотқа дейінгі кезеңге бұруды ұсынамыз. «Медиация институтын жан-жақты дамытудың негізі жанжалды жағдайларды барынша азайту болу керек», – деген Мемлекет Басшысының үндеуін негізге ала отырып, медиация институтының өзін нығайту керек деп есептейміз. Біз медиация ресурстарының (медиация орталықтары және медиаторлардың өздері) дамуына мониторинг жүргізуден бастауды ұсынамыз. Медиация салааралық институт болғандықтан, оның жұмысын үйлестіру қиын. Медиацияның барлық әлеуметтік салаларға қатысы болғандықтан, олардың әкімшілерін ортақ республикалық үйлестіру кеңесіне жинақтайтын негіз бар деп есептейміз. Құрамына медиация саласының алдыңғы қатарлы сарапшыларын енгізе отырып, жұмыс тобын құру Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге септігін тигізері анық.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша жол картасын әзірлеу және жұмыс тобын құру сияқты басым бағыттар анықталды. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен медиацияның заңнамалық базасы мен құралдарын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Татьяна Савицкая, «ЦРК-Диалог» мекемесінің директоры

(Қарағанды қаласы)

«Қамшы» сілтейді