Астанада күн жылынады — Қоғам|19 Қараша 2018, 15:36




Фото: Astana FM
Астана, BAQ.KZ. Астанада алдағы екі күнде -3°С болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
19 қараша күні қалада құбылмалы ауа райы сақталып, түнде аздаған қар жауады. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болмақ. Ауа температурасы түнде шамамен -9-11 °С, күндіз -3…-5 °С болады.
20 қарашада құбылмалы ауа райы сақталып, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде шамамен -8-10 °С, күндіз 1…-3 °С болмақ.
21 қарашада құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде қар жауады.Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, ал күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Сынап бағанасы түнде шамамен -5-7 °С, күндіз -1-3 °С көрсетеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ