БҚО-да көлік мұз астына түсіп кетіп, екі адам қаза болды — Тосын жай

0

Батыс Қазақстан облысында көлік мұз астына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 18 қарашада болған. Audi А6 маркалы көлік Казталов ауданы Ақпәтер ауылының маңында орналасқан өзендегі мұздың астына түсіп кеткен.

«Көлікте Ақпәтер ауылының 1979 және 1981 жылғы екі тұрғыны болды. Екеуі де қаза тапты», — деп хабарлады Казталов ауданы әкімдігіндегілер.

Басылымның мәліметінше, қаза болғандардың денесі сараптамаға жіберілді. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.