Астанада көшеде жеңіл киіммен жүрген үш жасар баланың ата-анасы табылды — Ел жаңалықтары
Астана полицейлері көшеден күртесіз жүрген үш жасар баланы тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бала шамамен сағат кешкі 7-лерде Керей мен Жәнібек хандар көшесінде орналасқан № 9 үйдің ауласынан табылған. Үстінде сары түсті жемпір, көк джинс, қара аяқкиім болған. Ол Сауран көшесінде орналасқан полицияның № 13 бөлімшесіне жеткізілді.
Полицияның баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бала дұрыс сөйлей алмайды, сондықтан да оның аты-жөні белгісіз болып тұр.
© Астана қалалық полиция департаменті
Кейінірек полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова баланың ата-анасы табылғанын хабарлады.
«Ата-анасы жұмыста болған, ал бала үйде туыстарымен бірге қалған. Ағасы жұмысқа кеткен кезде үйден шығып кеткен. Кенже баласы ұйықтап жатқан, оянғанда ағасы өзімен бірге алып кеткен деп ойлаған. Қазіргі уақытта бала анасымен», — деді Қылышбекова.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz