Астанада эскалатор құлады: Оқиғаның видеосы тарады

0

Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында экскалатордың құлаған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде «Сарыарқа» сауда орталығында орнатылған бейнебақылау камераларының кадрлары тарап жатыр. Видеода эскалатордың кенеттен жылдамдығын күрт арттырған сәті бейнеленген. Бұл уақытта оның үстінде 20-ға жуық адам болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов, төтенше жағдайдан екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алғанын хабарлаған еді.