Астанада электр энергиясы қаншалықты арзандайды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 13:45 146

Астанада электр энергиясы қаншалықты арзандайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Астанада электр энергиясы қаншалықты арзандайтынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарифтер бекітілді. Бұрынғыша тарифтер дегенімізбен, бұл жолғысының деңгейі басқаша. Әлбетте, электр энергиясы толайым нарықта сатылатын болады. Бізде станциялар негізінен тұтынушыларға толайым нарықта сатады. Персоналды тариф туралы айтар болсақ, бұрын станцияда электр энергиясының тарифі 7,5 теңгеден болған еді. Бірақ, қазір біз бекіткен тариф шеңберінде электр энегриясымен қамтамасыз ететін «АстанаЭнергосбыт» қуаттылығын арттырса, ұйымдар электр энергиясын 6 теңге 10 тиыннан сатып алады», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сұңғат Есімханов сонымен бірге, электр энергиясы үшін төлем елордада шамамен қаншалықты арзандайтынын айтып берді.

«Астанада қарапайым тұтынушы үшін баға 1,5 теңгеден 2 теңгеге дейін төмендейді. Яғни, біз 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылға қарағанда аз ақша төлейтін боламыз. Қаңтар айының қорытындысы бойынша, бізге электр энергиясы үшін 14 емес, 12 теңге тиынымен келеді. Нақты цифрды айта алмасам да, жуық арада шамамен осы көрсеткіш бекітілуі керек», — дейді Сұңғат Есімханов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергиясының жаңартылған тарифін бекіту туралы бұйрық шығарған болатын.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz