Жапондық 5S жүйесі – Мотивация – Bilim

0
328

Заманауи тайм-менеджент түсінігі туралы айтқанда, адамдар көбіне бізге Батыстан келген тұлғалық-іс-әрекеттік ұйымдастыру жүйесі мен әдістемелеріне сілтеме жасайды. Бұны да түсінуге болады, себебі жеке уақытты тиімді басқаруға мүмкіндік беретін барлық теориялық және тәжірибелік білім базасы сол жақта пайда болған.

Мамандардың аз бөлігі ғана Шығыстың да өзіндік, олардан кем түспейтін (тіпті, кейбір жағынан алып қарағанда батыстыкінен де асып түсетін) уақытты басқару техникалары бар екенін біледі. Шығыс дегенде, әрине, өзінің бизнес-технологияларының бірегейлігімен танымал Жапония айтылып тұр.

Дәл сол жапондардың арқасында біз 5S жүйесі туралы білеміз.

5S жүйесі деген не?

Жапондық 5S жүйесі — өндірісте немесе кеңседе тиімді жұмыс жағдайларын жасауға мүмкіндік беретін нақты құрылымдалған жүйе.

Мінсіз немесе мінсізге жақын шарттарды қалыптастыру жұмыс орнындағы тәртіпті орнату, тазалық пен ұқыптылықты сақтау, уақыт пен қуатты үнемдеуге көмектесетін шараларды әзірлеу арқылы қол жеткізіледі.

Басқаша айтқанда, 5S жүйесі — өндірісте, фирмада немесе кез-келген ұжымда (көп адамнан құралған кез келген басқа салада да) туындайтын ретсіздікті қалыпқа келтіруге бағытталған жүйе.

5S жүйесі әдістемесінің құрамдас бөліктері

5S әдістемесі жұмыс құрылымында бес негізгі қағидаға, немесе жапондарша айтсақ, 5 қадамға негізделген. Оларды қысқаша қарастырайық.
 

1-ші қадам – «Сэири»
, жапон тілінен аударғанда сұрыптауды, барлық қажетсіз нәрседен арылуды білдіреді.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда 5S жүйесінің бұл тармағы жұмыстағы барлық қоршаған заттарды: қажетті және қажетсіз деген екі топқа бөлуді меңзейді. Адамдар заттарды үш атаулы санатқа бөліп сұрыптайды:

Қажетсіз, яғни қайта өңдеуге жіберілетін заттар;

Қажет болып қалуы мүмкін — ара-арасында пайдаланылуы ықтимал заттар, — оларды бөлек сақтау орнына апарады;

Қажетті — күнделікті жұмысқа керек, яғни оларсыз өндірістің жұмысы тоқтап қалатын заттар.

Бұл қадам еңбек мәдениеті мен қауіпсіздігін арттырады деп есептеледі.

2-ші қадам — «ұқыптылық, тиісті тәртіптің сақталуы» деп аударуға болатын «Сэйтон».

Бұл қадам күнделікті жұмысқа қажетті заттарды ретке келтіруге бағытталған. Заттарды керек кезінде оңай алуға болатын жерлерге орналастырады. Жылдам іздеу үшін барлық заттарға белгі салып қоюға кеңес беріледі.

3-ші қадам — «Сэисо» — «ретке келтіру, таза сақтау» деп аударылады.

Бұл қадам өндірісте тазалық орнатуға бағытталған. Жұмыс орнын көз мөлшерімен тиісті заттар орналастырылатын бірнеше функционалды аймаққа бөлу керек. Барлық құралдарды таза ұстау, оларды уақтылы тексеріп тұру тиімді жұмысқа кедергі келтіретін заттардың бұзылуы мен істен шығуының алдын алуға көмектеседі.

4-ші қадам — «Сэикэцу» — тура аударғанда «стандарттау» деп аударылатын сөз.

Бұл кезеңде алғашқы үш қадамды жүзеге асырудың бірінші нәтижелері талданады, нәтижелер арнайы жазу кітапшасына жазылады (немесе электронды түрде жазып алынады). Ең тиімді шешімдер стандарттау мен жұмыс процесін автоматтандыруға бекітіледі.

5-ші қадам — «Сицуке» — бұл ұғым аудармада «жетілдіру, тәртіпті қалыптастыру» дегенді білдіреді.

5S-ті даналық ретінде түйсінуге бағытталған соңғы қадам. Алдыңғы қадамдарды жүзеге асыру барысында пайда болған ұқыпты өндіріс жүйесі, ол тұтас алғанда бүкіл жұмыс тиімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, түптеп келгенде, тайм-менеджменттің басты мақсаты да осы.

Көзқарастар мен пікірлер

Егер сіз жапондық 5S жүйесінің әдістемесін пайдаланып үлгерсеңіз, бұл туралы достарыңыз бен әріптестеріңізден естіген болсаңыз, пікір қалдырып, оның берген нәтижелері жөнінде айтып беруіңізге болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:



Дереккөз: http://bilim-all.kz/