Астанада Елбасының қатысуымен VIII Азаматтық форум өтеді

0
26 Қараша 2018, 18:55 221 0

Фото: ОКҚ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде 27-28-қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуыменен өтетін VIII Азаматтық форумға дайындық барысына арналған брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатына ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметов қатысты.

Брифинг барысында вице-министр Азаматтық форумдарды өткізудің тарихына қысқаша тоқталып, шараны өткізу арқылы үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес сектор өкілдері үздік тәжірибелерімен алмаса алатынын, әрі онда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыға салынатынын жеткізді.

27-28-қарашада өтетін VIII Азаматтық форумда қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы қаралады деп жоспарланып отыр.

Аталған форумға 850 адам қатысады. Оның ішінде парламент депутаттары, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар бар.

Шара барысында әлеуметтік (білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері) және экономикалық салаға жауапты министрлермен (қаржы министрлігі, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрлігі), сондай-ақ, құқық қорғау органдарының ( Ішкі істер министрлігі) және тағы басқа министрлік өкілдері қатысатын (Әділет миистрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) кездесулер жоспарланған.

Сонымен қатар форум аясында ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ