Қазақстан премьер-лигасындағы клубтардың орташа айлықтары жарияланды » Vesti.kz

0
Sporting Intelligence сайты әлемдік футболдағы 2018 жылғы орташа еңбекақы туралы мәліметтерді жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең үлкен айлық Англия премьер-лигасында. АПЛ-дің бірінші командасының футболшылары жылына орташа 3,93 миллион доллар (1,4 миллиард теңге) алады.

Сондай-ақ, алдыңғы үштікте испаниялық Ла Лига (2,89 миллион доллар) және италиялық А сериясы (1,99 миллион) кіреді. 

Бұл тізімде қазақстандық премьер-лига 25-ші орында. ҚПЛ-де негізгі құрам футболшылар жылына орташа 148 мың доллар (55 миллион теңге) алады. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік корея, Аустралия, Польша және Хорватиядан жоғары тұр. Тізіммен мына жерде толық танысуға болады. 

Sporting Intelligence мәліметі бойынша орташа еңбекақысы ең жоғары топ-10 лига:

1. АПЛ (Англия) – 3,93 миллион доллар;

2. Ла Лига (Испания) – 2,89;

3. А сериясы (Италия) – 1,99;

4. Бундеслига (Германия) – 1,83;

5. Лига 1 (Франция) – 1,3;

6. Суперлига (Қытай) – 1,05;

7. РПЛ (Ресей) – 877 мың доллар;

8. Суперлига (Түркия) – 864;

9. А сериясы (Бразилия) – 670;

10. МЛС (Канада, 3 клуб) – 519.