Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 17:56 384

Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада Қазақстанның танымал шахматшысы, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл академияның ашылуы — өзім үшін және барлық командамыз үшін айтулы оқиға. Әрине, академияның негізгі мақсаты — шахмат ойынын Қазақстанда насихаттау. Астана мен Алматыда шеберлік сыныптарын өткіздім және Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Атырау, Шымкент, Қызылорда өңірлеріне бардым», — деп атап өтті Динара Сәдуақасова ресми ашылу рәсімінде.

Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 

Сонымен бірге, академияның ашылу салтанатына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, ҚР Шахмат федерациясының басшылығы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі, танымал қоғам қайраткерлері қатысты.

«Қазақстанның нағыз өкілетті елшілері — чемпиондар. Спорттағы, мәдениет пен өнердегі чемпиондар. Біз Президенттің тапсырмасын орындаймыз, сыртқы саяси бастамаларды жүзеге асыруға жан саламыз. Біздің бұл дипломатиялық жұмысымызда спортшылар барлық есіктерді ашып береді. Біздің елімізді Президент пен чемпиондар арқылы таниды. Шахмат — әлемнің барлық елінде қолдау тапқан спорт», — дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 

Айта кету керек, 2019 жылы Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы Атырау қаласында ашылады. Онда әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі балалар тегін оқиды.

Ал сәуір айында Динара Сәдуақасова студенттер арасында шахматтан республикалық турнир өткізеді.  

Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 
Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 
Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 
Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 
Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 
Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 
Астанада Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz