Астанада автобус жүргіншілер жолағында бойжеткенді қағып кетті (фото) — новости Казахстана

Астана қаласында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағында қызды қағып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp
Бұл туралы Ramil Kozhabaev есімді желі қолданушысы Facebook-тағы «Астана хочу похвалить/пожаловаться» тобында жариялаған.
Желі қолданушысы автобус жүргізушісінің қызметін сынға алды.
Әлеуметтік желідегі жазбаға Astana LRT компаниясының консультанты жауап берген.
«20 желтоқсанда №54 автобус маршруты Түркістан көшесі бойымен Алматы көшесі бағытына келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағына күтпеген жерден шыққан қызды қағып кетті. Оқиға кезінде автобус жылдамдығы 29 км/сағ құрады», — деді компнаия қызметкері.
Сондай-ақ жәбірленушінің қалалық №2 ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жұмыс істеп, автобус жүргізушісіне протокол толтырды.
Автотұрақ басшылығы жүргізушіні жұмыстан шығарып, «қара тізімге» қосты.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp