Астанада автобус бойжеткенді қағып кетті

0
Астанада автобус бойжеткенді қағып кетті


Астанада жаяу жүргіншілерге арналған жолда автобус бойжеткенді қағып кетті.

«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің өкілдерінің хабарына қарағанда, 20 қараша күні № 54 автобусы Түркістан көшесімен Алматы көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Жаяу жүргіншілер жолына кенет шыға келген бойжеткенді қағып кеткен. 

Оқиға кезінде автобустың жылдамдығы 29 шақырым/сағат болған. Зардап шеккен қыз № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеткен жергілікті полиция қызметінің мамандары автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 

«Басшылықтың шешімі бойынша аталған автобустың жүргізушісі лауазымынан босатылып, «қара тізімге» кіргізілген. Ендігі жүргізуші қоғамдық көлікті жүргізе алмайды», — делінген хабарламада.