21 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

0

Бүгін уақытты тиімді пайдалану керек. Түске дейін ең маңызды шаруаларды бітіріп, түстен кейін еңбегіңіздің жемісін көруге болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 21-ші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото: fakty.ua

1. Тоқты

Бүгін сізді барлық істе сәттілік күтіп тұр, сондықтан мақсатыңызға жету үшін еш қиналмайсыз. Ең бастысы қандай да бір істі бастауға өзіңізді көндіру.

2. Торпақ

Қаржыңызға мән берген жөн, артық ақша жұмсап қою қаупі бар. Оның үстіне сатып алған нәрселердің бәрі пайдалы болмайды. Сол үшін сауда орталықтарына бармаңыз, тіпті несие картаңызды үйде тастап кеткен дұрыс болады.

3. Егіздер

Көптен бері тер төгіп істеген ісіңіздің жемісін көресін. Бұл жеке өміріңізге де қатысты болуы мүмкін. Қандай да бір жобаға атсалыссаңыз, міндетті түрде сол үшін марапатталасыз.

4. Шаян

Бүгін сақтық танытып, бейтаныс адамдарға сенбеген жөн. Бұл сізді біреу алдап кетеді деген сөз емес, жай ғана сіз маңызды ақпаратқа мән бермей, басқа адамды дұрыс түсінбеуіңіз мүмкін. Сондықтан өзіңізге жат істерге араласпаған абзал.

5. Арыстан

Бүгін айналадағы адамдармен тіл табысуыңыз қиындайды. Бұл жақындарыңызға ғана емес, жаңа танысқан адамдарға да қатысты. Бұған тек сіз кінәлі емессіз, кейбір адамдар шынымен өздері жанжал шығарады. Дегенмен, сабырлылық сақтап, мәмілегерлік қабілеттеріңізге жүгінгеніңіз артық етпейді.

6. Бикеш

Бүгін әр істі сәтті аяқтауға тырысасыз. Сондықтан бүгінгі жетістіктеріңіз көпті таңдай қақтырады. Ең бастысы қызғаншақ адамдардан аулақ жүріңіз.

7. Таразы

Бүгін тәртіп сақтау және тиянақтылық жағынан сізге ешкім теңесе алмайды. Ешкім сізге тапсырма бермесе де, өзіңіз айналысатын іс табасыз. Ең бастысы басқаларға қатаң талаптар қоймаңыз, бүгін барлығы сіз сияқты жауапкершілікке толы емес.

8. Сарышаян

Бүгін айналадағы адамдардың бәрі сізге сүйсіне қарайды, сондықтан мүкіндікті жіберіп алмаңыз. Айтарыңыз болса, айтып қалыңыз. Біреуге сезіміңізді білдіргіңіз келсе, мүмкіндікті жібермеңіз.

9. Мерген

Бүгін жұлдыздар маңызды шаруалармен айналысуға кеңес бермейді. Одан да ұсақ-түйек істерді бітірген дұрыс. Ең бастысы асқан жауапкершілікті талап ететін шаруамен айналыспаңыз. Жұмыс орнында көп кідірмей, бос уақытыңызды жақындарыңызбен араласуға, үй шаруасына арнаңыз.

10. Тауешкі

Бүгін адамдармен тіл табысып қана қоймай, олардың ілтипатына бөленесіз. Кіммен тілдессеңіз де оның ықыласына бөленіп, олардың құпия сырларын анықтай аласыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін өз мойныңызға жауапкершілік артуға болмайды. Мақсатқа жету үшін бір қадам қалса, ол қадамды жасау керек. Басқалардың сөзіне мән бермеңіз, әркім өз өмірін сүрсін. Қаржы істері өте сәтті шешіледі. Мансабыңыз үшін де қолайлы күн.

12. Балықтар

Бүгін жаңа бастамалар үшін өте қолайлы күн, әсіресе көптен бері өзгеріс енгізгіңіз келіп жүрсе. Бұл өзгерістер өміріңіздің қай саласына қатысты екені маңызды емес, ең бастысы бәрін жақсылап ойластырып барып, іске кірісіңіз.