Астана жаңалықтары: 10 жасар бала ауланың қарын күреп, жұртты разы қылды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Желі қолданушылары тұрғын үй кешенінде тұратын халық оқушының еңбегін ескеріп, рахметін білдірсе деп тілейді

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Астанада он жасар бала бүкіл ауланың қарын күреп, тұрғындарды таңғалдырды.

Демалыс күні елордалық оқушы қолына күрек алып, ауланы басып қалған қарды тазалай бастаған. Өзге балалар футбол ойнап жүргенде, ол тынбай еңбектеніп, қар күрей берді. Кейінірек өзімен жасты бала көмекке барыпты.

«Заманымыздың қаһарманы! Қазір мұндайды күнде көрмейсің! Жарайсың!», — деп жазып жатыр видеоны көрген желі қолданушылары.

Тұрғындар баланың бұл ісіне разы болып, батасын беріп жатыр.

«Осындай тәрбие беріп, баланы кішкентайынан еңбекке баулыған ата-анасына алғыс айту керек. Ал осы тұрғын үй кешенінің тұрғындары баланың еңбегін ескерсе, нұр үстіне нұр болар еді», — деп жазды риза болған ересектердің бірі.

Кейбіреулер бала мұны өзі қалап істеді ме, әлде ата-анасы жұмысқа салып қойды ма деп аң-таң.