Астана тұрғыны мұздай судың ішінде ұзақ уақыт тұрудан рекорд орнатты
Қайырбек Аяшев мұздай судың ішінде тұрудан Қазақстанның рекордын орнатты. Ол ойықтың ішінде 35 минут 15 секунд тұрды.
Судан шыққан Қайырбек Аяшев өзін жақсы сезінетінін айтты.
Аяшев судың ішінде тұрған кезде оның денсаулығын дәрігерлер бақылап тұрды, ал қауіпсіздікке құтқарушылар мен әкімдіктің өкілдері жауап берді.
Сондай-ақ рекорд орнатуды мақсат еткен тұрғынға жиналған адамдар қолдау көрсетті.
Крещение күні кезекшілікке шыққан реанимациялық бригаданың дәрігері Дина Жүнісова мұздай судың ішінде ұзақ уақыт тұрған ер адамның хәлі туралы айтып берді.
«Ол суда 35 минут 15 секунд болды. Шыққаннан кейін біз оны қарап шықтық. Денсаулығы қалыпты, қан қысымы 130, тамырдың соғуы 86, өзін жақсы сезінеді», — деді ол.
©
Sputnik / Ксения Воронина
Қайырбек Аяшев мұздай суда ұзақ уақыт тұрудан Қазақстан рекордын орнатты
Рекорд орнатқан Қайырбек Аяшев өз әсерімен бөлісті.
«Өзімді жақсы сезініп тұрмын, әуелі қиынырақ болды, сосын жеңілдеді. Аяғымның саусақтары тоңып қалды. Бірақ бәрі жақсы, келесі жолы бұдан екі есе ұзақ тұрамын», — деді Аяшев Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айта кетсек, мұздай судың ішінде тұрудан әлемдік рекордты ресейлік орнатты, оның уақыты – 2 сағат.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/