Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды

0

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Еске салайық, Жеңіс Қасымбек Қарағанды ​​облысын 2019 жылдың қыркүйегінен бері басқарған. Бүгін оның Қарағанды ​​облысының әкімі қызметінен кеткені белгілі болды.