Астана мен төрт өңірде дабылды ескерту жарияланды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

30-31 желтоқсан күндері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде ауа райы бұзылады

АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жариялады.

30 желтоқсан күні түнде Түркістан облысының кей жерлерінде  жауын-шашын мол түседі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 

30 желтоқсанда түнде және таңертең Шымкент қаласында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

 30 желтоқсанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

 30-31 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Астана қаласында 30 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады деп болжанып отыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз