Астана мен Қарағанды, Қостанай өңірлерінде мектептегі оқу уақытша тоқтатылды

0

Күннің күрт сууына байланысты Астана мен Қарағандыда, Қостанайда мектептердегі оқу тоқтатылған.

Фото:Sputnik / Табылды Кадырбеков

Фото:Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қазіргі уақытта өңірлердегі ауа температурасы -28 — 30 градусқа жеткен.

Қарағанды мен Астанада мектепке даярлық тобы мен 9 сыныпқа дейінгі оқушылардың сабағы тоқтатылған.

Ал Қостанайда бірінші ауысымда оқитын 5 сыныпқа дейінгі оқушылардың сабағы тоқтатылды.