Астана мектептерінде «Жас полицейлердің кадет сыныптары» ашылуда

0

2018 жылғы 29 желтоқсан 05:28 11

Астана мектептерінде «Жас полицейлердің кадет сыныптары» ашылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде «Жас полицейлердің алғашқы кадет сыныбы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласының Полиция департаментінен мәлім еткендей, алғаш құрылған кадеттік сыныпқа 10-сыныпта оқитын — 30 оқушы, 6-сыныптан 20 оқушы қабылданып, олар салнататты жағдайда ант берді.

«Кадеттік сыныптағы барлық оқушылар мектеп Жарғысының талаптарын орындауға міндетті. Сонымен қатар «Жас полицейлердің кадеттік сыныбының» ережесіне сәйкес табандылықпен және іждағаттылықпен білім алуға, өз-өзін жан-жақты дамытуға, білімді және мәдениетті адам болуға, өзінің қоғамдық және әскери борышын орындауға әрдайым ұмтылуы тиіс. Сондай-ақ олардан мектеп пен кадеттік сыныптың беделін биік ұстау талап етіледі», — делінген хабарламада.  

Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің әкімшілігі мен оқушылары қалалық Полиция департаментінің басшылығынан  грамоталар мен алғыс хаттар алды.

Айта кетейік, «Жас полицейлердің кадет сыныптарын» 2019 жылы №25, 61 және 74 мектептерде ашу жоспарлануда.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz